Бағдарламада:
— Ғылыми кітапхананың қорына түскен жаңа басылымдар – кітап көрмесі;
— Кітапхананың электрондық ресурстары — тренинг.
Сіздер кітапхана қорына түскен жаңа басылымдар мен ақпараттық ресурстарды қалай пайдалану және электронды деректер базасынан іздеу жұмыстары жөнінде кеңестер ала аласыздар; зерттеушілер үшін жеке электронды ғылыми кітапхана құру, оны басқару және ғылыми мақалалар жазу барысында пайдаланған әдебиеттер тізімі мен сілтемелер жасау үшін «Библиоменеджер» көмекші бағдарламасымен таныса аласыздар.
Өтетін орны: Оқу-зертханалық ғимарат (ОЗҒ), Диссертация залы (403 каб.)
Уақыты: 9.00-19.00 (ішкі тел.: 32-408; 32-410).