ИНКЛЮЗИВТІ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР ОРТАЛЫҒЫ

Инклюзивті ақпараттық ресурстар орталығы 2019 жылдың қазан айында ашылды. Басты мақсаты – арнайы білім беруді қажет ететін білім алушыларға ақпараттық қолдау көрсету. Орталық барлығына бірдей кедергісіз ортада ақпараттық-кітапханалық ресурстарға қолжетімді болуына қолдау көрсетеді. Нашар көретіндер мен зағиптарға арналған арнайы мобильді сервистік қосымшалары бар электрондық ресурстар,  Брайль шрифті кітаптар мен әртүрлі ғылым салаларын қамтитын медиатеканы ұсынады. Мысалы, «Лань» электронды-кітапханалық жүйесі  (https://e.lanbook.com)  нашар көретін студенттерге қашықтықтан оқыту режимінде сөйлеу синтезаторын таңдау мүмкіндігімен визуалды емес оқуға арналған электронды кітаптарды, «IPRbooks» (http://www.iprbookshop.ru) электронды кітапхана жүйесі арнайы ридер мен адаптивті мобильді қосымшаны ұсынады. Сондай-ақ тірек-қозғалтқыш аппаратымен проблемалары бар адамдар үшін ақпаратпен жұмыс істеу және пайдалы уақыт өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Орталық коворкинг аймақта мақсатты аудиторияның білім беру және зерттеу қызметін қолдау мақсатында семинарлар, оқу тренингтерін, Брайль техникасын оқыту бойынша консультациялар, мотивациялық кездесулер, психологтардан түрлі мастер-класстар және басқа да іс-шаралар өткізеді.

 

Орталықтың координаторы: Жуашбаева Гүлhая Бабаханқызы

Телефон: +7 (7172) 70-95-00 (ішкі 36-109) № 101 каб. (Пушкин көшесі, 11)

e-mail: gulhaya89@mail.ru

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма  9.00 — 18.00,  сенбі  9.00 — 14.00

Демалыс күні – жексенбі.

Айдың соңғы күні  – тазалау.