ЕҰУ-ДЫҢ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНДА «ТЮРКСКИЙ ВКЛАД В МИРОВУЮ КУЛЬТУРУ И ЦИВИЛИЗАЦИЮ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

2017 жылғы 7 сәуірде ЕҰУ-дың ғылыми кітапханасында философия ғылымдарының докторы, профессор Сағади Байұзақұлы Бөлекбаевтың «Тюркский вклад в мировую культуру и цивилизацию» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Кітапта жинақталған материалдар, белгілі отандық және шетелдік түркітанушылардың еңбектері, түркілердің орны мен әлемдік тарихтағы рөлі туралы және олардың әлемдік мәдениет пен өркениетке үлесі жазылған. Монографияда көрнекті тарихшылардың, антропологтар мен түркітанушылардың еңбектері жүйелі түрде түркі халықтарының жетістіктері ұсынылған.

Автордың негізгі міндеті – Қазақстанның тарихын ұлы түркі тарихы контексінде таныстыру, жалпы тарихқа, жалпы дерекке зор құрметпен қарау.
Кітап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігінің «Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу және насихаттау, мұрағат ісін жүзеге асырудың тиімділігін, сондай-ақ «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» кіші бағдарламасы бойынша шыққан.

Іс-шараны тарих ғылымдарының докторы З.Е.Қабылдинов жүргізді.
Аталған іс-шараға қоғам қайраткерлері, депутаттар, университеттің профессор – оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты.