ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОО КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

2017 жылдың 31 мамыр – 1 маусым күндері Жоғары Білім беру Көшбасшыларының Еуразиялық Форумы — 2016 шеңберінде «Кітапханалардың өзара ықпалдастығы — 2017: ЖОО кітапханаларын дамытудың заманауи әлемдік үрдістері» атты семинар және «Университет кітапханаларын дамытудың жаңа бағыттары: тәжірибелер, мәселелер мен жетістіктер-2017» атты VI -шы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Конференцияны ұйымдастырушылар: ҚР ЖОО кітапханаларының Қауымдастығы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасы, Назарбаев Университетінің ғылыми кітапханасы.

Конференция мақсаты – Қазақстанның ЖОО-дағы қазіргі кітапханалар қызметіндегі өзекті мәселелерді қамти отырып, тәжірибе алмасу, заман талабына сай кітапханалар ісін одан әрі жандандыру және дамыту. Талқыланатын басты кәсіби тақырыптардың бірі — интеллектуалды ұлт қалыптастыруда және қоғамның рухани дамуына ЖОО кітапханаларының рөлі. Университет кітапханалары, белсенді азаматтық ұстанымы бар бәсекеге қабілетті жас мамандарды даярлауда ЖОО-на ақпараттық қолдау көрсете отырып, үлкен үлес қосады. Осыған байланысты конференцияда «Болашаққа көзқарас:Интеллектуалды ұлт қалыптастыруда және қоғамның рухани дамуына Қазақстан ЖОО кітапханаларының үлесі» және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі даму Стратегиясының жоғары білім беру жүйесінің кітапхана желісін дамытудың негізгі бағыттарын талдау» сессиясы жүргізілді. Сессия барысында мастер-класстар өткізіліп кітапханаларды трансформациялау, кітапхана коллекциясын қалыптастыру, наукометрика көрсеткіштерін оқу кітапханалары тәжірибесінде пайдалану, инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды.

Конференция жұмысына 90-нан астам жоғарғы оқу орындары кітапханаларының басшылары мен бас мамандары қатысты. АҚШ, Түркия және Ресейден университет кітапханаларының өкілдері шақырылды.

Конференция барысында «Бастау, Эверо», «InterPress» т.б. қазақстандық баспалардың көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Cambridge University Press, Aй Пи Эр Медиа (ЭБС IPRbooks) компанияларының электрондық ресурстарының таныстырылымы және «Астана ЖОО кітапханалары: даму стратегиялары» атты көрме-презентация өткізілді.