АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ МЕН «АЛАШ ОРДА» ҮКІМЕТІНЕ АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

2017 жылдың 29 қыркүйегі күні Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының мәжіліс залында «Алаш қозғалысы мен Алаш Орда үкіметі: бастауы, қызметінің негізгі кезеңдері және Отан тарихындағы орны»Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция«Алаш» жалпыұлттық партиясы және «Алаш Орда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл және республикамыздағы әр түрлі ұлт өкілдерінен құрылған 100 мыңдаған Отандасымыздың өмірін қиған жаппай саяси қуғын-сүргінге 80 жыл толып отырылуына арналған.

Конференция ұйымдастырушылары – «Алаш» Институты, «Согласие народов» Қоғамдық Қоры, Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕ АҚ мемлекеттік қаржыландыруы.

Ғылыми конференцияның негізгі міндеті – «Алаш» жалпыұлттық қозғалысы мен Республикамызда орын алған Сталиндік саяси қуғын-сүргін туралы өскелең ұрпақ арасында түсіндірме жұмыстарын енгізу.

Ғылыми конференция жұмысына белгілі Алаш және саяси қуғын-сүргін мәселесімен айналасушы маман ғалымдар, Алаш қозғалысының қуғын-сүргінге ұшыраған ұрпақтары, Астана қаласының студенттері мен магистранттары, үкіметтік емес ұйым мүшелері және ұлттық мәдени орталықтары қатысты.Конференция қатысушыларыЕҰУ-дың ғылыми кітапханасы қорынан 40-тан астам басылымдар ұсынылған «Алаш қозғалысы тарихы мен тағылымы» атты кітап көрмесімен танысты.