«ЭКЖ «ЛАНЬ»: МҰҒАЛІМДЕР МЕН КІТАПХАНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ ҚЫЗМЕТТЕР» СЕМИНАРЫ

2017 жылдың 10 қазаны күні Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасында «ЛАНЬ» ЭКЖ баспасының семинары өтті. Семинарды «ЛАНЬ» баспасының бас директоры Никифоров Александр Владимирович өткізді.

Семинарда «ЛАНЬ» ЭКЖ-ның жаңа технологиялары кітапхана мен университет оқытушылары қызметіндегі қолдану мүмкіншіліктері көрсетілді. Семинар барысында ол жалпы ақпарат беріп, қызмет түрлерін, порталды пайдалану тәсілдерін және т.б. түсіндірді. Сондай-ақ инклюзивті білім беру технологияларын қолдану мәселелері де назардан тыс қалмады.

Семинарға әр түрлі мамандықтың оқытушылары, магистранттары, студенттері және кітапханашылар қатысты. Семинар соңында Александр Владимирович барлық қатысушыларды сертификаттармен марапаттады.