Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күні мерекелері аясында ағымдағы жылдың 29 қарашасынан 8 желтоқсанына дейін ғылыми кітапхананың мәжіліс залында жыл сайынғы «Елдік дәрістер» өтті. Іс-шараның мақсаты жастар арасында ұлттық құндылықтарды ілгерілету, Тәуелсіз Қазақстанның тарихымен танысу. Университеттің танымал ғалымдары мен профессорлары студенттермен өздерінің білімімен, естеліктерімен және ойларымен бөлісті. Оның ішінде: Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы, Кемел Мырзагелді, Сартқожаұлы Қаржаубай, Қасқабасов Сейіт Асқарұлы, Ибраев Шәкір Ибрайұлы, Мәлібекұлы Жандарбек, Мырзақұлов Рәтбай Мырзақұлұлы, Негимов Серік Нығметоллаұлы. Дәрістердің негізгі тақырыптары қазіргі заманғы қазақстандық қоғамды дамытудың заманауи үрдістері: «Рухани Жанғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, Тұңғыш Президенттің ел тәуелсіздігін құрудағы рөлі дәрістетегі басты тақырыптар болды. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру және архитектура», «Елбасы және тәуелсіздік», «Дәстүр және қазіргі рухани өмір мәселелері» атты дәрістердің өзектілігі аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды. Әр түрлі ғылым саласындағы көрнекті ғалымдардың әр дәрісі жас ұрпақ арасында қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен құндылықтарына құрмет сезімін тудыртып, патриоттық сезімді қалыптастыруға ықпал етті. Ашық дәрістерді тыңдаушылар арасында факультет декандары, оқытушылар, магистранттар және студенттер болды. Ғалымдардың студенттермен кездесуі ұжымдық фотосуретпен аяқталды.