Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында ғылыми кітапхананың конференция залында атақты Қазақстан ғалымы, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есімнің «Кемеңгер Мұхтар» (Астана, 2017) кітабының тұсаукесері өтті. Кітаптың шығарылуы қазақ әдебиетінің классигі, жазушысы және ғалымы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 120 жылдығына арналды. Кітап авторы М.О.Әуезовтың «Абай жолы» романын заманауи философиялық талдау негізінде баяндап, сонымен қатар ұлы классиктің қазақ әдеби сынының дамуына баға жетпес үлесін атап өтті. Автор М.Әуезовтың еңбегін зерттей келе, ұлы классиктың социалистік принциптерімен толығымен келіспейді. Ғ. Есім заманауи тұрғыдан ұлы жазушының терең ой-пікірлерінің мәнін қарастырады, оқырманға «Абай жолы» романы кейіпкерлерінің сипаттамаларына жаңа анализ ұсынады.
Кітаптың басты өзегі — қазақ халқының рухани жаңғыруының негізі Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы және Мұхтар Әуезов сияқты ұлы жазушылардың шығармалары деген автордың ойы. Кітап мәдениеттанушы, әдебиетші, студенттік аудитория және Қазақстанның әдебиеті мен тарихына қызығушылық танытатындарға арналған. Шараға М.О. Әуезов пен Ғ.Есімнің туындылары бар «Кітап — Рухани жаңғырудың жарқын жолы» кітап көрмесі ұсынылды.
Тұсаукесерге философия ғылымдарының докторы, профессор Ж.М. Әбділдин; Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Д.Қамзабекұлы; филология ғылымдарының докторы, профессор С.Негімов; Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қ.Ө.Сақ, сондай-ақ университет студенттері мен магистранттары қатысты. Шара соңында автордың қолтаңбасы бар «Кемеңгер Мұхтар» кітабы барлық қатысушыларға таратылып, ұжымдық фотосурет жасалды.