БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ КІТАПХАНАМЕН АЛҒАШҚЫ ТАНЫСУЫ

Жаңа оқу жылының алғашқы күндерінен бастап бірінші курс студенттеріне кітапхананың оқу залдары мен абонементтеріне экскурсиялар жүргізілді. Кітапханашылар экскурсия кезінде кітапхананың ресурстары мен қызметтерін пайдалану ережелерімен таныстырды. Электронды каталогпен жұмыс істеу, қашықтан қолдануға болатын деректер базасында ақпарат іздеу бойынша кеңестер берілді. Бірінші курс студенттеріне А.Сейдімбек, Ә.Марғұлан, К.Ақышев, М.Қаратаев, С.Кирабаев, С.Бегалин, Р.Сыздықова, О.Нұрмағамбетова, А.Бейсенованың мемориалдық жинақтары, сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры үлкен қызығушылық тудырды. Кітапханамен таныстыру барысында Америка бұрышы (American Corner and Maker Space Astana) қызметі студенттерге таныстырылды. Студенттер өздерінің ағылшын тілін меңгеруге үлкен мүмкіндік беретін пікірталас клубы, видеоклуб және орталықтың басқа да шаралары қызықтырды. Бірінші курс студенттеріне айдың аяғына дейін экскурсиялық жұмыстар жалғасады.