«КІТАПХАНАШЫҒА СҰРАҚ» АҚПАРАТТЫҚ АПТАЛЫҒЫ

Ағымдағы жылдың 1-8 қазаны аралығында студенттік үйлер дирекциясының қолдауымен ғылыми кітапхана ЕҰУ студенттік үйлерінде ақпараттық кездесулер ұйымдастырады. Бағдарламаның мақсаты — бірінші курс студенттерін кітапхананың ресурстары мен қызметтерімен таныстыру. Бағдарлама ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері тұратын №6 студенттік үйде кездесу өткізумен басталды. Кітапхана мамандары кітапхананың құрылымы, пайдалану ережелері және қызметтерімен таныстырды. 18 жаңа оқулық жарыққа шыққан «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасы бойынша презентация көрсетілді. Кітапхана сайты және қол жетімді электронды дерекқорлар таныстырылды. Америка бұрышының («American Corner and Maker Space  Astana») қызметтері студенттер арасында ерекше қызығушылық тудырды, онда студенттер өздерінің ағылшын тілін меңгеру дағдыларын жетілдіре алады, американдықтармен қатынасып, түрлі іс-шараларға қатыса алады. Таныстырылымның аяғында студенттер қойылған сұрақтарға жауап алып, барлық қатысушыларға ақпараттық буклеттер таратылды. Кездесу ұжымдық фотосуретпен аяқталды. Осы апта ішінде кітапхана қызметкерлері барлық студенттік үйлерде кездесулерді жалғастырады.