«ЛАНЬ» ЭКЖ ЖҰМЫС ІСТЕУ БОЙЫНША МАСТЕР-КЛАСС

Ағымдағы жылдың 8 қазан күні ғылыми кітапханада «Лань» Электронды кітапхана жүйесінің (ЭКЖ) сервистік мүмкіндіктерімен жұмыс істеу бойынша мастер — класс өтті. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ кітапханасының оқытушылары мен қызметкерлері үшін мастер-классты «Лань» баспа үйі директорының орынбасары Шнурова Светлана өткізді (Санкт-Петербург, Ресей). Өзінің кіріспе сөзінде, Шнурова ханым сұранысқа ие статистиканың нәтижелері бойынша ЕҰУ студенттері мен оқытушылары  «Лань» ЭКЖ белсенді пайдаланатындығын  атап өтті. Электронды ресурстың презентациясы қазіргі күні контентті сипаттаудан басталды: ЭКЖ 90 мың кітапты, 900-ден астам ғылыми журналдарды, 410 000 мақалаларды қамтиды. Ресурс үнемі жаңартылып отырады және жоғары білім берудің оқу — білім беру үдерісінде талап етілетін ЭКЖ-нің бірі болып табылады. Open Access форматында қолжетімділік мүмкіндігіне ерекше назар аударылды. ЭКЖ енгізілген 900 ғылыми журналдардың 500-і ашық қолжетімділік түрінде ұсынылған. «Лань» ЭКЖ Ресей мен ТМД елдерінің жетекші ғылыми баспаларында шыққан басылымдармен өз қорларын ұлғайтуды жалғастыруда.  Инклюзивті білім беруді қолдау аясында «Лань» баспасы алғашқылардың бірі болып көрмейтін пайдаланушыларға арналған мобильдік қосымша — визуалды емес оқудың арнайы сервисін ұсынды. Қазіргі уақытта ұсынылған форматта 3153 кітап аталымы бар.

      Мастер-класс қатысушыларына пайдаланушының жеке кабинетімен жұмыс көрсетілді, ол кең сервистік мүмкіндіктерді ұсынады, олардың ішінде: бетбелгілер құру, конспекттер, құжат бетінде жазбалар жасау; мәтінді графикалық белгілеу, мәтіндік фрагменттерден дәйексөз келтіру және т. б. Нақты оқу пәндері бойынша әдебиеттерді іріктеу сервисі оқытушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Кітапхана қызметкерлеріне ЭКЖ пайдаланушыларының белсенділік деңгейін, бас тарту статистикасын, кітап оқу статистикасын және т. б. анықтауға мүмкіндік беретін әкімшінің жеке кабинетінің мүмкіндіктері көрсетілді. Іс-шара соңында қатысушылар  қойған сұрақтарына толыққанды жауаптарын алды және осы іс-шараға қатысты деген сертификаттарға ие болды.