ПРОФЕССОР СЕРІК НЕГИМОВҚА АРНАЛҒАН «ҒАЛЫМ.ҰСТАЗ.ҚАЙРАТКЕР» АТТЫ КІТАП КӨРМЕСІ

Ағымдағы жылдың 12 қазан күні ЕҰУ оқу-әкімшілік ғимаратында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимовтың 70 жылдық мерей тойына арналған «Көркемдік дүниетаным және сөз мәдениеті» атты республикалық ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Ғылыми кітапхана мерейтой иесіне арнап осы ғимаратта «Ғалым.Ұстаз.Қайраткер» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге ғалымның ғылыми еңбектері, зерттеу мақалары, кітаптары мен мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалары қойылды. С.Қасқабасов, Н.Омашев, Д.Мәсімханұлы, Ж.Мәлібеков, А.Әлтай, Қ.Салғарұлы,Қ.Борашев және А.Кемелбаева секілді зиялы қауым өкілдері мен журналистер көрмені тамашалап, естелік суретке түсті.