Ағымдағы жылдың 7-қарашасында ғылыми кітапханада ИНФРА-М баспасы компанияларының өкілдері семинар өткізді. Семинар барысында оқытушылар мен кітапханашылар «Znanium.com» электронды кітапханалар жүйесімен, Discovery және Энциклопедия модульдерінің мүмкіндіктерімен танысты.
Анықтама: «Инфра-М» компаниясы ғылыми және анықтамалық басылымдарды шығарумен қатар, 11 баспаны біріктіретін ірі холдинг.
Компания құрамында ИНФРА-М баспасының 7000-нан астам басылымы бар. ВАК, РИНЦ және Web of Science мәліметтер базасында рецензияланатын ғылыми басылымдар тізімінде орналасқан 35 мерзімді журналдар иелері. Толығырақ www.infra-m.ru
Компания өкілдері Айдакова Анастасия және Федотова Наталья «Znanium.com» электронды кітапхана жүйесінің орыс және ағылшын тілдеріндегі ғылыми және анықтамалық ақпараттың кең көлеміне қол жеткізуге болатын заманауи электронды ресурстың мүмкіндіктерін көрсетті. Бұл электронды ресурсты пайдаланудың негізгі артықшылықтары арасында: виртуалды кітап сөресімен жұмыс жасау, бет белгілер жасау, құқықтық базадағы мәтінді көшіру қызметі, көру қабілеті нашар адамдар үшін бейімделген қызметі, оқытушылардың білім алушыларға әдебиеттер тізімін ұсынуға мүмкіндік беретін қызметі.
Семинар қатысушыларына ИНФРА-М ұсынған қосымша мүмкіндіктер үлкен қызығыс тудырды. Бұл Znanium.Discovery сервисі мен Znanium энциклопедиясы .Znanium.Discovery қызметі зерттеушілерге арналған. Оның қолданылуы ресейлік және шетелдік рефераттық деректер қорының көптеген көздерінде бірегей интеллектуалды ізденіс жасауға, жарияланымдарды бақылауға, ғылыми сипатын зерттеуге және көшірме мәтіндерді анықтауға мүмкіндік береді. Znanium энциклопедиясы дәйексөздерді келтіру мүмкіндігі бар бірыңғай дерекқорға біріктірілген ондаған анықтамалық басылымдарда ақпарат іздестіруді қамтамасыз ететін анықтамалық электронды ресурс. Бұл модульдің негізгі артықшылықтары: көпсалалығы – Энциклопедия ресурсы әртүрлі тақырыптық бірнеше жауап нұсқаларын ұсынады; беделділігі — авторлардың барлық топтары өз бағытындағы мамандар; өзектілігі – мақаланың шығу уақыты әрдайым көрсетіледі. Материалдардың жалпы саны 250 мыңнан астам мақала және күннен-күнге өсуде.
Семинар барысында электронды қордың барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану туралы жан-жақты консультациялар көрсетілді. Осылайша, іс-шараның соңында оқытушылар мен кітапханашылар күнделікті қызметке қажет «Znanium.com» ЭКЖ жүйесінің мүмкіндіктерімен танысты. Ғылыми кітапханада «Znanium.com» ЭКЖ-не жазылымы бар және әр оқытушы мен студент университет аумағында дерекқорға тіркеліп, күні бойы қолдануға мүмкіндігі бар.