2018 жылдың желтоқсан айының 13 күні Ғылыми кітапханада орналасқан American Corner and Maker Space Astana ақпараттық-ресурстар орталығында «Қолжетімді білім!» жобалар көрмесі өткізілді. Көрмеге ұсынылған жобалар – Maker Space техникалық аймағында қыркүйек және желтоқсан айлары аралығында робототехника және программалау бойынша өткізілген курс қатысушыларының қорытынды жұмыстары болды. Курстарда STEM (ағылшын тілінің «ғылым, технология, инженерия, математика» сөздерінен қысқартылған) бағыты бойынша қызығушылық танытқан студенттер мен мектеп оқушылары білім алуға мүмкіндік алды. Оқыту «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Шеврон» ұлттық компаниясы және Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің демеушілігімен ұйымдастырылды. Атқарылған жұмыс нәтижесі ретінде, «Қолжетімді білім!» атымен өткізілген көрме болып, онда робототехника және 3D модельдеу бойынша курс қатысушлыраның жобалары: биік ғимараттарда өрт сөндіруге арналған ұшатын платформадағы модель, радиобасқарумен жабдықталған қалың қарда жүруге арналған автомобиль, күн энергиясы трекері және т.б. қойылды. Сонымен қатар, көрме кезінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шахматтан блиц-турнир ұйымдастырылды. Жеңімпаздар мен қатысушылар Қазақстандағы АҚШ Елшілігі өкілдері атынан сертификаттармен марапатталды.
Анықтама: Maker Space қызметі мен міндеті «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен ұқсас және де ең соңғы технологияларды, көпшілікке мәлім ету, ғылым мен техникалық талдамаларды іске асыруға арналған алаң. Сонымен қоса, өз қолдарымен жаңа нәрселер жасап шығарғанды жақсы көретіндер үшін кездесу алаңы! Орталық болашақта студенттер үшін тағы басқа қызықты жобалар ұсынуды жоспарлауда. Барлық жаңалықтарды әлеуметтік желелердегі American Corner and Maker Space Astana парақшаларынан бақылап отыруларыңызға болады.
Facebook: https://www.facebook.com/AstanaAmericanCorner/
Instagram: https://www.instagram.com/american_corner_astana/
Vkontakte: https://vk.com/astanaamericancorner