ӘДЕБИ АЛАҢ

Ғылыми кітапханада 14-ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Әдеби алаң» атты шара өтті. Бұл күн барлық кітапқұмарлар үшін маңызды күн, себебі 2012 жылдан бастап – Халықаралық кітап сыйлау күні деп белгіленді. Бұл мейрам әлемдегі ең жас мейрамдардың бірі, осыған қарамастан ол барлық оқырмандар мен кітап сыйлауды ұнататын адамдарды біріктіріп үлгерді. Шараның мақсаты – студенттер мен жалпы оқырмандарды кітап оқуға баулу, кітаптан алатын ұшан-теңіз білімнің маңыздылығы мен рухани құндылықтарымызды насихаттау. Студенттердің де өзара бір-біріне кітап сыйлау дәстүрін жалғастыруларын дәріптеу. Шара барысында кітапханамызға жаңадан түскен көркем әдебиеттерден көрме қойылды. А. Исаханова, Н. Мурзахметова қазақтың ақын-жазушылырының шығармалары мен шетел әдебиеттінің туындыларына шолу жасады.  О. Махсудова оқырмандар арасында «Әдебиет және кино» атты викториналық сайыс өткізді. Сұрақтарға жауап беріп, белсенді қатысқан студенттерге кітаптай сыйлықтар тарту етілді. Шараға филология және физика-техника факультеттерінің студенттері қатысты. Кітапханамыздың қызметкерлері де осы акцияны қолдап, белсенді қатысып, бір-біріне кітап сыйлады.