ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!

 Жастар жылы аясында университеттің ғылыми кітапханасы Сіздерді «Жастар жырлайды!» атты поэтикалық байқауға қатысуға шақырады. Байқау ақындық шығармашылықпен айналысатын дарынды студенттерге өздерін жариялауға және біздің университеттің мәдени өміріне белсенді қатысуға мүмкіндік береді. Байқау жұмыстары құзырлы қазылар алқасымен сарапталады. Олар келесі шарттарға: жанрға, авторлық ұстанымға, әдеби және көркемдік қасиеттерге, эмоционалды және эстетикалық әсердің тереңдігіне сәйкес бағаланады. Ең үздік өлеңдер ұйымдастырушылар тарапынан арнайы жинақ болып шығарылады.

   Байқау жұмыстары 2019 жылдың 1 наурызы мен 31 тамызы аралығында қабылданады. Жұмыстарды ғылыми кітапханаға: Пушкин көшесі, 11, 207 кабинет немесе «Поэтикалық байқау» белгісімен dossova_an_1@enu.kz электрондық поштасына жіберулеріңізге болады.

Байқауға қатысушылардың назарына!

          Байқау жұмыстары келесі талаптарға сәйкес орындалу керек:

— Байқауға бұрын ешбір жерде жарияланбаған 1 немесе 2 жұмыс қана қабылданады;

 — Этикалық нормаларды және авторлық құқықты бұзатын жұмыстар қабылданбайды;

— Байқауға жіберілген жұмыс арқылы қатысушы өзінің авторлығын растайды;

— жұмыс A4 форматында, Word форматында Times New Roman шрифтімен 14 мөлшерінде, 1 интервалмен жазылуы керек

— Жұмыстың титул бетінде келесі мәліметтер болуы керек: жұмыс тақырыбы және автор туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, курс, топ, телефон, электронды пошта).

        Жіберілген жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

        Барлық сұрақтар бойынша Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының ғылыми-әдістемелік бөліміне (Пушкина көшесі, 11, 207 кабинет) немесе 36-204 телефонына хабарласыңыз.

Осы ақпараттық хатқа қоса:

1. Байқауға қатысатындығы туралы өтініш

2. Байқауға қатысушының — автордың ақпараттық келісімі