«КОНСТРУКТОР ВЗРОСЛОЙ ЖИЗНИ» БАҒДАРЛАМАСЫ

Ағымдағы жылдың ақпан айының соңғы күндері ғылыми кітапханада орналасқан «American Corner and Maker Space Astana орталығында» «Конструктор взрослой жизни» атты ЖОО-ның студенттеріне арналған бірегей оқу бағдарламасы өтті. Бизнес-коуч, психология ғылымдарының кандидаты Лариса Назырованың жетекшілігімен Астана қаласындағы жетекші ЖОО-ның 23 студент түлектері кәсіби және бизнес-ортада өзіндік өмір сүруге дайындық курсын тәмамдады. Бұл үш күндік тренингтің негізгі мақсаты – студенттердің мансаптық жоспарларын айқындауға көмектесу, танымдарын кеңейту, өзіндік даму бойынша құралдар беру, мақсат қоя білу және оны жүзеге асыру болып табылды. Бағдарлама ұзақмерзімді мансаптық мақсаттар және жеке даму жоспарларын анықтау үшін топтық коуч-сессиялардан және де түлектердің сәтті бейімделуі үшін қажетті құзіреттілікті дамыту тренингінен (skills training) тұрды. Тренинг барысында қатысушылар «қайда, не, неге?», «жұмыс берушіні қалай қызықтыруға болады?», «жұмыс берушімен қалай және не туралы сөйесу керек?» деген сұрақтар бойынша еңбек нарығы бағытында пайдалы ұсыныстарды таба білу, дұрыс түйіндеме құрастыруды үйреніп, іріктеу сұхбаты барысында өзін-өзі таныстыру дағдыларын меңгерді. Бағдарлама тренердің өздік ұйымдасу — тайм-менеджмент, өзіндік даму – «басқалары ұйықтап жатқанда, не оқу керек?» тақырыбында машықтарға үйретуімен маңыздана түсті. «Кәсіби мансапқа табысты бастама беру үшін, қазір не істеу маңызды?» атты табысты жастармен қызықты дәріс өтті. Аудиторияның қонақтары «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының маманы, Жанар Жақсылықова және әлеуметтік кәсіпкер Эмин Аскеров болды. Бағдарламаға қатысушылардың пікірінше, тренинг қарқынды, қызықты және де, ең бастысы, табысты өтті. Іс-шара сертификаттар табыстаумен және фотосессиямен аяқталды.