ОБЪЯВЛЕНИЕ

2019 жылдың 11 сәуірінде  (бейсенбі) «Мақалаларды жариялау мақсатында ғылыми ақпарат пен журналдарды іздеу үшін Wiley Online Library қолдану» атты вебинар өтеді (Сергей Парамонов, Х. ғ. к.)

   John Wiley & Sons (Wiley) – ғылым, жоғары білім және бизнес саласындағы бай тарихы бар әлемдегі ең көне академиялық (ғылыми) баспалардың бірі. Баспа барлық білім салалары бойынша материалдарды жариялайды. Қазіргі уақытта компания 21 000-нан астам ғылыми кітаптарды (жыл сайын 1000-ға жуық жаңа аталымдарды шығарады), 1 600 ғылыми журналдарды (әлемге танымал басылымдардың саны көп), сондай-ақ энциклопедиялар мен анықтамалар, химия және медицина саласы бойынша ғылыми ақпараты бар деректер базасын (оның ішінде Кокрейнов дәлелді медицина кітапханасы) пайдалану құқығына ие. Баспаның ғылыми мазмұны Wiley Online Library платформасында ұсынылған (www.onlinelibrary.wiley.com).

  Вебинарда Wiley Online Library платформасында қолжетімді контент туралы айтылады. Қолжетімді деректер және оларды қолдану мәселелері, практикалық есептер призмасы арқылы жүйе бойынша іздеу және ғылыми мақалаларды жариялау үшін Wiley журналдарын іздеу мүмкіндіктері (іздеу тәсілдері, фильтрді пайдалану, нәтижелерді сақтау) кең ауқымда талқыланатын болады.

  Вебинар тегін жүргізіледі. Барлық оқырман вебинарға қатыса алады. Веб-трансляцияға қосылу нұсқауларын алу үшін алдын ала тіркеуден өтуіңізді өтінеміз.

    Қатысушылар вебинар сертификатын ала алады. Ол үшін семинарға қосылып және оны толық тыңдау қажет. Сертификат алу бойынша нұсқаулықтар іс-шара барысында жарияланады. Сертификатты алу үшін алдын ала тіркелу міндетті.

  Сессияларды өткізу уақыты (барлық сессиялар бірдей, сіз тек бір уақытты таңдап, тіркеле аласыз):

Басталуы

(Қазақстан)

Сессия 1 12:00 Тіркелу

немесе http://bit.ly/WOLtrainingApril2019 

Сессия 2 14:00

Сессия 3 18:00