ҚҰРМЕТТІ Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ СТУДЕНТТЕРІ

Жастар жылы аясында «Болашақ» Қауымдастығы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-мен бірлесіп, 2019 жылдың 11 сәуірінде сағат 10.00-18.00-ге дейін университеттің бас ғимаратының атриумында кітап алмасу Акциясын өткізеді. Акция «Bolashaq books» әлеуметтік жобасы аясында «Болашақ» бағдарламасының түлектерінің Қазақстан халқының оқу мәдениетін дамытуға бағытталған іс-шараларының бірі болып табылады. Осы Акцияға сіздерді қатысуға шақырамыз!