БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЗАМАНАУИ НАРЫҒЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР

2019 жылы 18 сәуірде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай кітап апталығы аясында ғылыми кітапханада «Гребенников» баспа үйінің» электронды кітапханасы: университеттермен және кітапханалармен ынтымақтастық тәжірибесі, негізгі даму перспективалары», «Электрондық білім беру ресурстары: қазіргі нарықтық мәселелер мен дағдарыстар» «Кризис середины пути: основные проблемы современного рынка электронных образовательных ресурсов. Электронная библиотека «Издательского дома «Гребенников»: опыт сотрудничества с вузами и библиотеками, основные перспективы развития» атты семинар өтті. Семинарды «Гребенников» электронды кітапханасының өкілі, «Гребенников» баспа үйінің» бас директоры Аркадий Халюков өткізді (Мәскеу, Ресей).

Анықтама: «Гребенников» баспа үйі 1993 жылы құрылған, бүгінгі күнге қажетті басылымдарды шығарумен айналысады (http://www.grebennikov.ru).  Қазіргі кезде маркетинг, менеджмент, қаржы менеджменті, персоналды басқару сияқты төрт бағыт бойынша журналдар мен кітаптар шығарады. 2005 жылдан бастап «Гребенников» баспа үйі ресейлік және шетелдік авторлармен жазылған мақалалардың Гребенников электронды кітапханасын жасады. Мұндағы мақалалар Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясының тізіміне енгізілген журналдардан және  Elsiver, Emerald, Harvard Business Review, Swedish Scholl of Economics, University of Chicago Press, American Marketing Association, Berlin MBA, Academy of Marketing Science және басқа әлемге танымал шетелдік баспалар мен оқу орындарының рұқсатымен жарияланған материалдар.

Семинар барысында «Гребенников» баспа үйінің» электронды кітапханасы: университеттермен және кітапханалармен ынтымақтастық тәжірибесі, негізгі даму перспективалары», «Электрондық білім беру ресурстары: қазіргі нарықтық мәселелер мен дағдарыстар», «Электронды білім беру ресурстары нарығындағы білім беру бейнематериалдары: пайдалану ерекшеліктері, даму перспективалары (видео-курстар, видео-дәрістер және т.б.)», «Үшінші буын университеттерінде кітапханалық қорды толықтырудың жүйелі тәсілі» сияқты тақырыптар баяндалды. Электрондық кітапхананың мазмұны мен артықшылықтары, яғни 250 тақырып бойынша қолайлы айдарлар тізімі, мақалалардың толық аңдатпалары, авторлар, тақырыптар және кілтсөздер арқылы мақалаларды іздеу мүмкіндігі туралы ақпарат берді. Семинарға қатысушыларды Гребенников электронды кітапханасына қосылу шарттарымен таныстырды және кітапханашыларды арнайы білім беру мекемелері үшін жасалған ерекше, жеңілдікті шарттармен қолдануға шақырды. Семинарға Елорданың жоғары оқу орындары мен колледждерінің,   қалалық орталықтандырылған кітапханалық жүйесінің мамандары қатысты.

Семинарда қазіргі заманғы кітапханалардың цифрлы ортада кездесетін өзекті мәселелері қозғалғандықтан, қатысушылар үшін пайдалы және нәтижелі болды.