ТІЛ ҚҰДІРЕТІ

2019 жылдың  26 сәуірінде   ғылыми кітапханада   “Тілге құрмет – елге құрмет” атты әдеби-сазды кеш өтті.

Әдеби кешке филология факультетінің қазақ тілі мамандығының студенттері  қатысты. Шараға қатысушылар ана тілін қастерлеуге баулыйтын, туған тілін құрметтеуге тәрбиелейтін  ақындардың өлеңдерін, нақыл сөздерін мәнерлеп оқыды. 1 курс студенті Еркін Ерболат күй шертіп, Айдана Төлетаева тіл туралы ән салды, Ә. Бекмұханбетов, А. Амангелді, Ерасыл Қожахметов викториналық сұрақ-жауап ойынына белсенді қатысып, тілге деген білімін, құрметін көрсетті.

Кеш соңында шараға қатысушылар «Тілге құрмет – елге құрмет» атты  кітап көрмесін тамашалады.  Шараға атсалысқан студенттерге құнды тарту кітап сыйға берілді.