ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫ!

 Ғылыми кітапхана Сізге: «ЭКЖ IPR BOOKS мүмкіндіктері. Оқу үдерісін тиімді құру үшін қазіргі заманғы қызметтер мен технологиялар. Авторларға арналған IPR MEDIA КТ-мен ынтымақтастықтың артықшылықтары» атты бірінші жақтан бірегей семинарға қатысуға шақырады.

  Бұл семинар ректормен бекітілген және университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына қазіргі заманғы цифрландыру жағдайында — электрондық кітапханалық жүйедегі оқу процесінің маңызды бөліктері туралы қажетті ақпаратты алу мен үйрену мақсатымен ұсынылады. IPR MEDIA компаниялары тобы білім, ғылым және бизнес, сондай-ақ оқу және ғылыми әдебиеттер баспасына арналған IT-ресурстардың ірі әзірлеушісі болып табылады. ЭКЖ IPR BOOKS — оқу және ғылыми әдебиеттердің толық мәтінді отандық дерекқорларының үш көшбасшылары құрамына кіреді; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; Нұр-Принт; Қазақ гуманитарлық-заң университеті секілді баспа үйлерінің қазақ тіліндегі әдебиеттерін қоса алғанда 130 мыңнан астам басылымдары бар.

Цифрлаудың маңызды бағыттарының бірі электрондық кітапханалық жүйені енгізу болып табылады. Қазіргі таңда ЭКЖ — бұл білім беру үдерісінің маңызды бөлігі болып табылатын және олсыз ЖОО-на заманауи кітапхананы жинақтау мен дамытуға қиындық туатын қуатты ресурс болып табылады. IPR MEDIA компаниялар тобы ЭБЖ қолданушылардың тиімді жұмыс істеуі үшін жаңа инновациялық шешімдерді енгізеді. Мастер-класс шеңберінде ғаламдық цифрландыру контексіндегі ЖОО-ның кітапханалары мен ПОҚ жұмыс бағдарламаларын кітаптық қамтамасыз ету  мен жинақтау процестерін автоматтандыруға бағытталған ЭКЖ IPR BOOKS жаңа және қажетті технологиялары көрсетілетін болады.

Іс-шара 2019 жылдың 5 маусымында сағат 11-00-де өтеді. Өткізу орны — ст. Пушкин 11, Ғылыми кітапхана, 3 қабат, 304 аудитория.

Семинарға қатысушылардың барлығына атаулы сертификаттар беріледі!

Семинарға қатысу үшін сілтеме бойынша тіркелу қажет:  https://forms.gle/hbCDXH1z8DTgSnnR9