“ РУХАНИЛЫҚТЫҢ КӘУСӘР БҰЛАҒЫ” АТТЫ ІС-ШАРА

Филология факультеті шетел тілдер кафедрасының  ұжымы кафедра меңгерушісі Ж.Е. Сағымбаеваның басшылығымен Отырар ғылыми кітапханасымен тығыз байланыс орнатылған. Кафедра оқытушылары кітапхана қызметкерлерімен бірлесіп жүйелі түрде іс-шаралар мен дөңгелек үстелдер өткізіп отырады. Солардың бірі кафедрамыздың аға оқытушылары М.А. Ыдырысова, А.А. Дюсенгалиева, Б. Танеш және 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Руханилықтың кәусар бұлағы» атты іс-шарасы. Аталмыш іс-шара аясында оқырман бөлімінің қызметкерлері тақырыптық көрмені ұйымдастырып, шолу жасады.

Ел басымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың сәуір айында жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың басты шарттарының бірі — жеке ұлттық мәдени-генетикалық кодты сақтау, рухани қазынамыз — туған өлкенің салт-дәстүрлеріне, тарихы мен мәдениетіне, тіліне деген қызығушылық пен құрметтің қайта жаңғыруы болатын айқындап атап айтты. Осы мақсатты жүзеге асыруда өз үлесін қосуға шет тілдері кафедрасының оқытушылары мен кітапхана ұжымы бірлесе  ат салысты.

Іс-шара мақсаты – көп тілді меңгерген азаматтарды тәрбиелеп, үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген студенттерді қолдап, ана тіліміздің өркендеуіне мән бере отырып, үш тілді еліміздің рухын биіктетіп, жастардың бойына сіңіріп, өскелең ұрпақты  отан сүйгіштікке баулу.

Шара барысында қазақтың атақты ойшыл ақыны Абай Құнанбаевтің қазақ тілі жайлы өлеңдері оқылды. Салт-дәстүрімізге байланысты студенттер арасында ойындар ойнатылып, жеңімпаз анықталып, марапатталды. Сахна төрінде домбырамен күй шертіп, тіліміз туралы қазақша әндер орындалды. Іс-шарамыз жоғары деңгейде өткізіліп қатысушылардың көңілінен шықты. Шара соңында құрметті қонағымыз орыс тілі кафедрасының оқытушысы, ф.ғ.к., Айтқожанова Ш. Г. студенттермен өз ойын бөлісіп, аталмыш шараны жұмысын жоғары деңгейде бағалады. Сонымен қатар көрермендер де іс-шарадан алған әсерлерімен  бөлісті: «Сәлеметсіздер ме! Менің аты-жөнім – Мырзағали Нұрай. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткізілген  іс-шараны тамашаладық. Бағдарлама халықтың мәдени кодын сақтау мен еліміздегі жас ұрпақтың санасын қалыптастырудағы жаңа леп, жаңа серпін береді. Менің көңілім толғаны іс-шара үш тілде өткізілді. Бұл деген еліміздің жаңа толқындарға дайын екендігін көрсетіп бергендей. Көрермендерге сұрақтар қойылып, олардың да ойлары ескерілді. Іс- шара өз дәрежесінде жоғарғы деңгейде  өтіп, тек тақырыпқа  сай дүниелер ғана емес жан-жақты қамтылып,  рухани байыдық деп айтсам болады». Сондай- ақ Әуелбек Баубек : «Елбасымыздың бастамасымен қолға алынған Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында өткен бүгінгі іс-шара, мен үшін керемет өтті. Көңіліме ең қонымды болғаны осы іс-шара үш тілде өткізілгені. Бүгінгі айтылған сүбелі сөздерді тыңдай отырып, рухани азықтандым десем артық айтқаным емес. Бұл әлі соңғысы деп ойламаймын, жыл соңына дейін рухани дүниемізді байытатындай, басқада іс-шаралар, дөңгелек үстелдер мен конференциялар болатынына толықтай сенемін. Осындай жоғары деңгейдегі іс-шара ұйымдастырып, біздерді қатысушы еткендеріңіз үшін сіздерге көп рахмет.» деп алған әсері жеткізді.

Ақпарат сайтқа Шетел тілдері кафедрасының оқытушысы А.А.Дюсенгалиевамен берілді