ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА ОҚУ КОРПУСТАРЫНДА ФАКУЛЬТЕТ КҮНДЕРІН ӨТКІЗДІ

  Ағымдағы жылдың 21-28 қазан аралығында ғылыми кітапхана Факультет күндері – атты көшпелі ақпараттық-ағартушылық негіздегі бағдарламасын жүзеге асырды. Қатысушылардың ыңғайына қарай бұл шара оқу корпустарында өткізілді.  Биылғы жылғы факультет күндері шарасының өткізілуі дүниежүзілік ғылыми қауымдастық тарапынан 2008 жылдан бері өткізіп келе жатқан Халықаралық ашық қол жетімділік күндерімен орайласып өткізілді (http://www.openaccessweek.org).

           Анықтама:  Open Access моделі өз дамуын, АҚШ-тағы жазылуды қажет ететін ғылыми журналдардың бағасының қымбаттығына қарсыластық ретінде пайда болды. Сонымен қатар, оның басқа жағы ғылыми ақпараттармен жылдам алмасудың қажеттілігінен де туындады. Open Access термині 2002 жылы ашық қолжетімділік саласына байланысты Будапешт қаласында өткен жиында алғаш рет Будапешт декларациясымен бекітілген болатын. Осы декларацияның қарарларына сай әр жоғары білім беру мекемесі: ашық  қолжетімділктегі репозитариі болуы тиіс; оқытушы-профессорлар құрамы болашақта жазылып, рецензияланатын ғылыми мақалалардың нұсқалары (препринтерін)  осы репозитариге жариялау саясатын ұстануы тиіс; дипломдық жұмыстар мен диссертацияларды да университетің репозитариіне ашық жариялануының қамтамасыз етуі де керек. Жариялану саясаты авторлық құқылармен санаса отырып, оның ерекшеліктерін де есепке алуы керек. Ашық қолжетімділктегі ғылыми жарияланымдар қызметтік өсуде, ғылыми дәрежелердің берілуінде, оқытушы профессорлық құрам мен білім лаушыларды өзге де ішкі бағалау мен анализінде пайдаланылуы қажет. Creative Commons лицензиясы немесе оның баламасы тиімді лицензия ретінде сақтау кезінде қолдануға ұсынылады.  

     Факультет күндеріне қатысушылар Ашық қолжетімділік қозғалысы жайлы, ғылыми жарияланымдардың ашық қолжетімділігінің түрлері, ерекшеліктері, оның артықшылықтары жайлы түсініктерін кеңейтті. Шара аясында ашық қолжетімділік алаңдарының агрегаторлары мен репозиторилері жайлы шолу жасалды. Шараға қатысушылар арасында «Ғылыми жарияланымдардың ашық қолжетімділігі: сіздің пікіріңіз» — атты сауалнама өткізілді. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің көпшілігі, ғылыми жарияланымдардың ашық қолжетімділік қозғалысына қолдау танытып, авторлық құқықтары сақталған жағдайда өз еңбектерін ашық қолжетімділіктегі репозитарилерге жариялауға келісетіндіктерін білдірді. Аса қызығушылық, Web of Science, Scopus, Springer және Wiley сынды ашық қолжетімділіктегі базаларында ғылыми мақалаларды жариялау ережелері жайлы кеңестер оқытушылардың, докторанттар мен магистранттар тарапынан танытылды. Сонымен қатар, электронды ресурстарды жылжыту мақсатында, «Білім алу мен зерттеу жұмыстарындағы ЭКЖ мен МБ жазылым алаңдарының мүмкіншіліктері» — атты тақырыптағы кеңестер берілді. «Электронды кітапхана»  (АИБС «МегаПро») модулін қолдану, университеттің ғылыми кітапхананың электронды каталогтары мен цифрлық контент құралдарын оқыту, білім беру мен ғылыми-зерттеу жұмысында тиімді пайдалану мүмкіндіктері жайлы кеңестер де берілді. Әр факультет бойынша пәндік куратор кітапханашылар, 2018-2019 оқу жылында кітапхана қорына түске  ғылыми және оқу әдебиеттер мен білім беру пәндері бойынша мерзімдік басылымдар бойынша виртуалды көрмелер ұйымдастырды. Оқытушылар мен білім алушылар тарапынан, «Жаңа гуманитарлық білім. қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында басылып шыққан 49 оқулықтың көрсетілім-көрмесі туғызды. Айта кететіні, аталмыш оқулықтар кітапхана абоненттері мен оқу залдарында қанағаттандырарлық көлемде ұсынылған.

     Шараға 600 астам қатысушылар бой көрсетті. Шара ұйымдастырушылары, оқытушы-профессорлар құрамының ақпараттық әлеуетінің көтерілгенін өскенін байқап, олардың электронды ресурстар мүмкіншілігін күнделікті өмірде тиімді пайдаланатынына көз жеткізді. Докторанттар мен магистранттар беделді деген мәліметтер базасына еркін қолжетімділікті жоғары бағалап, енді осы мүмкіндіктерді өздерінің диссертациялық жұмыстары мен зерттеулерінде белсенді пайдаланатынын айтты. Ұйымдастырушылар, Факультет күндері кітапхана мен факультет кафедралары арасында қарым-қатынастың күшейіп, оның ресурстары мен қызметтерінің университет қауымдастығының арасында кеңінен таралуына септігін тигізді деген пікірге келді.