2019 жылдың 6 қарашасында EBSCO халықаралық ақпараттық компаниясының «ЖОО мен ғылыми кітапханаларға арналған EBSCO электронды ресурстары мен сервистері» атты семинар-тренингі өтті. Іс-шараға университеттің білім алушылары, ғылыми қоғамдастығы, ғылыми кітапхана мен Астана қаласындағы басқа да жоғары оқу орындарының кітапхана қызметкерлері қатысты.
ТМД мен Орталық Азиядағы «EBSCO» компаниясының өкілі Илья Петухов компанияның 75 жыл бүкіл әлем бойынша 100,000 астам ұйымдарға ақпараттық қызметтер мен өнімдерді ұсынып жүрген тарихымен қатысушыларды қысқаша таныстырды. Жетекші журналдар, соның ішінде Scopus және Web of Science базаларында индекстелген журналдар арқылы жоғары сапалы ақпараттың жетекші әлемдік агрегаторы (96,000+баспалар) бола отырып, компания бүгінде 600 ДБ-дан 90,000 жарияланымдарды және 1,3 млн.астам толық мәтінді электронды кітаптарды ұсынады. Қысқаша шолу Business Source Ultimate, Legal Source, Computer & Applied Sciences Complete сияқты және т.б. базаларға жүргізілді, ал толығырақ әр академиялық саладағы жетекші журналдардың арқасында кез келген пән бойынша барлық студенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын Academic Search Ultimate, Academic Search Complete (ЕҰУ қол жетімді) политематикалық толық мәтінді ДБ егжей-тегжейлі қарастырылды.
Қатысушылар үшін басты сәттердің бірі білім алушылар мен ғалымдар үшін де, университеттер үшін де артықшылықтарға ие, яғни олардың жұмыстарын электронды түрде (ETD) табу және пайдалануға мүмкіндік беретін Opendissertations.org (диссертацияларға ашық қолжетімділік) порталына тегін кіру мүмкіндігі болды. Жұмыс авторлары оларды басқалармен бөлісе алады, ал университеттер осы арқылы институционалдық репозиторийлерді пайдалануды арттыра алады.
Бұл ресурсты оқу процесінде пайдаланудың негізгі мәселелерімен қатар, ғылыми зерттеулер жүргізу және университет журналдарын «EBSCO» компаниясының ДБ-ға қосуға ықпал ету мәселелері де қарастырылды.
Аталған іс-шараның презентациясы келесі сілтеме бойынша 2019 жылдың 15 қарашасына дейін қолжетімді: https://drive.google.com/open?id=13_CN8gmnaqUFq3jlelRZXZHc9av_mk4F