ELSEVIER ҒЫЛЫМИ БАСПАСЫНЫҢ СЕМИНАРЫ

 19 қараша күні Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ғылыми кітапханасында Elsevier ғылыми баспасының «Халықаралық журналдарда қалай жариялануға болады» атты семинары өтті.   Семинарға қатысушылардың назарына Elsevier компаниясының өнімдері ұсынылды: Scopus, ScienceDirect, Mendeley және олардың ғылыми зерттеулерге қолдау көрсету мүмкіндіктері.
Қазіргі таңда ғылыми қоғамдастықтағы өзекті ғылыми зерттеулер нәтижелерін жариялау үшін журналдарды таңдау барысында ғылыми метрикалық көрсеткіштерді пайдалану, ұрлағыш журналдарды анықтау, мақалаларды халықаралық стандартқа келтіру мәселелері НУ ғалымдарының мысалдарында егжей-тегжейлі қарастырылды.
Іс — шараға қатысушылар: ғалымдар, ғылыми жетекшілер, ғылыми дәрежеге ізденушілер, ЭР-мен жұмыс істеу бойынша кітапхана мамандарына журналға ғылыми жарияланымды беру процедурасы  мәселесі үлкен қызығушылық тудырды.
Осы іс-шарадан презентация 2019 жылдың 26 қарашасына дейін қолжетімді: https://drive.google.com/open?id=16tDhV4DGl9oaCc-xCPw71uNU0IrMVY6R