АЛЕКСАНДР ФОН ГУМБОЛЬДТТІҢ 250-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КІТАП КӨРМЕСІ

Ғылыми кітапхана немістің ұлы ғалымы, географ әрі саяхаткер Александр фон Гумбольдттің 250-жылдығына орай «Полиэтникалық аймақтағы көптілділіктің мәселелері» атты конференция қатысушыларына арнап кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеге ғалымның еңбектері, ғылыми әдебиеттер, конференция материалдары мен ғалымның өмірі мен шығармашылығы жайлы газет мақалалары қойылды. А.Гумбольдттің: «Путешествие в равноденственные области Нового Света в 1799-1804г.г.» атты еңбегі мен Г.Скурланың: «Александр  Гумбольдт» атты кітабы қатысушылардың асқан қызығушылығын туғызды.

Конференция қатысушылары Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Т.Клиннер, Эрфурт университеті (Германия) мен М.Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті, Минск Мемлекеттік лингвистикалық университеттерінің ғалымдары, оқытушылар мен студенттер кітап көрмесімен жете танысып, Ғылыми кітапхана ұжымына өз ризашылықтарын білдірді.