Киім тозады, байлық қалады не басқаға
бұйырады, алған білімің сенің өзіңе ғана
қызмет етпейді, сонымен қатар туған
халқыңның да қазынасы болып табылады
әл-Фараби
Түркі жұртының мақтанышы, ғалым-философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінде «Ұлы ғалым – әл-Фараби» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге ұлы ғалымның рухани және философиялық мұрасы, оның шығармашылығын зерттеушілердің ғылыми еңбектері жинақталды. Көрмеде араб тіліндегі қолжазбалар көшірмесі мен қазақ, орыс, араб тіліндегі еңбектері және ғалым туралы зерттеулер: барлығы 57 аталым кітаптар, портреті, дәйексөздер қойылды.
Ұлы ғалымның еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Ендігі біздің мақсатымыз осы еңбектердің барлығын оқырмандарымызға насихаттау.
Ғылым мен өнердің барлық саласына өлшеусіз үлес қосып, артында өшпес ғылыми жазбаларын қалдырған әл-Фараби еңбектерін және ол туралы жазылған ғылыми зерттеулерді ЕҰУ Ғылыми кітапханасы қорынан алып, оқып танысуларыңызға болады.