«ҒАЛЫМ БРЕНДІ: ЖОҒАРЫ РЕЙТИНГТІ ЖУРНАЛДАРДА МАҚАЛАЛАРДЫ ҚАЛАЙ ЖАРИЯЛАУҒА ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ОЛАРҒА СІЛТЕМЕ ЖАСАТУҒА БОЛАДЫ?» СЕМИНАРЫ

21-ақпанда Ғылыми кітапханада «Ғалым бренді: жоғары рейтингті журналдарда мақалаларды қалай жариялауға және қалай оларға сілтеме жасатуға болады?» тақырыбында семинар өтті.
Семинар зерттеушілерге олардың жарияланымдық белсенділігін арттыру мақсатында көмек ретінде ұйымдастырылды. Семинарда Wiley журналдары мысалында ғылыми мақалаларды жазу және ғылыми журналдардың редакцияларымен өзара әрекеттесу аспектілерін қоса алғанда ғылыми коммуникацияның негізгі мәселелері қарастырылды. Ғалым “брендін” қалыптастыру мәселесіне ерекше тоқталып өтті.