ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ «ЦИФРЛЫҚ САБАҚТАРЫ»

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегі мен 7 қазан аралығында ғылыми кітапхана 13 факультеттің білім алушылары үшін «Қашықтықтан оқытуға арналған ғылыми кітапхананың ақпараттық ресурстары» тақырыбында «цифрлық сабақтар»  өткізді. Оқыту сабақтары университет басшылығы бекіткен жоспар бойынша әрбір факультет үшін сабақтардың оқу кестесін ескере отырып, күннің бірінші жартысында жоғары курс студенттері, магистранттар мен докторанттар үшін, күннің екінші жартысында 1-2 курс студенттері үшін қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Сабақтың басты мақсаты веб-сайт арқылы (https://kitap.enu.kz) кітапхана ресурстарымен және қызметтерімен, оларды қашықтықтан пайдалану мүмкіндіктерімен таныстыру болды.  Сабаққа қатысушылардың ерекше назары кітапхананың «24/7 анықтама қызметінің» (WhatsApp) жұмысына аударылды. Қашықтықтан оқыту жағдайында «анықтама қызметтің» рөлі ерекше орын алады. Сабақ бағдарламасына кітапхананың қорын сипаттайтын электрондық каталог пен ондағы әдебиеттердің сандық көшірмелеріне қолжетімділік беретін «Электрондық кітапхананың» мүмкіндіктері бойынша кітапхана мамандарының консультациясы енгізілді. Көлемі 160 мыңнан астам библиографиялық жазбалар мен цифрланған контентті (40 мыңнан астам құжат) қамтитын кітапхананың электрондық каталогының кең сервистік мүмкіндіктері ұсынылды. Сабақ барысында лицензиясы 20-дан астам қашықтықтан қолжетімді оқу және ғылыми электрондық ресурстардың мүмкіндіктеріне шолу жасалды. Әрбір факультеттің білім беру бағдарламаларына сәйкес ақпаратты іздеу мысалдарында ақпараттық әлеует, қолжетімді деректер қорына («Эпиграф», «АкнурПресс цифрлық кітапханасы»,«Лань» ЭКЖ, «IPR Books», IEEE Xplore, Oxford, Wiley, Scopus, Web of Scince және т.б.) авторизация жасау шарттары және олардың қызмет көрсету мүмкіндіктері көрсетілді. Цифрлық сабақтарға қатысушылардың пікірінше, осындай беделді электрондық ресурстарға қолжеткізу мүмкіндігінің болуы – қашықтықтан оқыту жағдайында үлкен демеу болып табылады. Сабақ барысында қатысушылар кітапхана ресурстарына қызығушылық таныта отырып, қашықтықтан оқыту жағдайында кітапхананың мүмкіндіктерімен толық танысып, өздерінің көптеген сұрақтарына жауап алды. Кітапхана бастамасына барлық факультеттер тарапынан қолдау көрстелді. Олардың арасында Физика-техника факультеті (декан Нұрмолдин Е.Е.) Халықаралық қатынастар факультеті (декан Есенгалиева А.М.), Тарих факультеті (декан Садыков Т.С.),  Ақпараттық технологиялар факультеті (декан Сеилов Ш. Ж.), Жаратылыстану ғылымдары факультеті (декан Шапекова Н. Л.), Әлеуметтік ғылымдар факультеті (декан Сомжурек Б.Ж.), Заң факультеті (декан Ибрагимов Ж.И.) студенттері, магистранттары мен докторанттары белсенділік танытты.

Кітапхана қашықтықтан оқыту жағдайында университеттің оқу және ғылыми-зерттеу процесіне ақпараттық қолдау көрсету жұмысын жалғастырады. Университеттің білім алушылары мен оқытушы-профессорлар құрамына кітапханалық-ақпарат қызметінің әртүрлі форматтары ұсынылады: жеке және топтық консультациялар мен электрондық ресурстарды пайдалану бойынша тренингтер, вебинарлар ZOOM, Teams және Webex онлайн – платформаларында. Пайдаланылатын Интернет технологиялары кітапханалық-ақпараттық ресурстарын пайдалану бойынша кеңес беріп, оқыту қызметтерін көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан да қазіргі университет кітапханасын қашықтықтан қызмет көрсететін электрондық кітапханалық жүйе деп атауға болады.