«АБАЙ ЖӘНЕ ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН» АТТЫ ОНЛАЙН-ДӘРІС

 Ағымдағы жылдың 13 қазанда ғылыми кітапхананың «Сирек кітаптар мен қолжазбалар» бөлімінің ұйымдастыруымен белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Серік Негимовтың «Абай және Әлкей Марғұлан» онлайн-дәрісі өтті.

     Дәріс барысында өзінен кейін орасан зор мәдени мұра қалдырған қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев және ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы, академик Әлкей Марғұланның ой үндестігі, олардың арасындағы дәстүр сабақтастығы сөз болды.

     Серік Негимов академик Әлкей Марғұланның Абай туралы зерттеу мақалалары, «Жас Абайдың фотобейнесі» (1868 жылғы сурет) және «Абайдың қолжазба мұралары туралы» тарихи деректер негізінде әңгімеледі.

     Онлайн-дәріске университет оқытушылары, студенттер мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Дәріс Абай тақырыбын зерттейтін оқырмандар арасында үлкен қызығушылық тудырды.