«АБАЙ ЖӘНЕ ХIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ» АТТЫ ДӘРІС

Ғылыми кітапханада өтіп жатқан кезекті онлайн-дәрістердің бірі 17 қазан күні белгілі тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Омарұлы Артықбаевтың «Абай және ХIX ғасырдағы қазақ қоғамы» атты дәрісімен жалғасты.

Лекцияда Абайдың өмір сүрген кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдай, сондай-ақ қазақ қауымының тарихы туралы әңгімеледі. Қоғамдық өзгерістер мен содан туған әлеуметшілдік идея Абай поэзиясын тудырған басты себеп екенін тарихи деректер негізінде ашып берді. Ақын ойларының тарихпен байланысы жаңаша көзқарас тұрғысынан пайдымдады. Тыңдаушылар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтарға тұшымды жауаптар алды.