Ағымдағы жылдың 29-қазанында ғылыми кітапхана қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған «Әлем Абайды оқиды» Халықаралық Интернет-жобасының қатысушыларымен қорытынды онлайн-кездесу өткізді. Осы жылдың ақпан айында басталған жобаның міндеттерінің бірі отандастар арасында және шет елдерде қазақ халқының әдеби мұрасын кеңінен насихаттау болды. Жобаға қатысу үшін Абай шығармаларының әлем тілдерінде оқылғанын бейне форматта жазып алып, жоба ұйымдастырушыларына жіберу ұсынылды. Барлық алынған бейне файлдар кітапхана парақтарында Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде #ӘлемАбайдыОқиды, #МирЧитаетАбая хэштегімен жарияланды.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ филология және көлік-энергетика факультеттерінің студенттер тобы, сонымен қатар, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің қызметкері Т.Шахмаров, «Шатлық» татарлар мен башқұрттардың Ақтөбе облыстық этномәдени бірлестігінің өкілі А.Ахметжанов, Ташкент мемлекеттік заң университетінің кітапханашысы Ш.Шарипова және басқа да кітап сүйер қауым жобаға белсенді қатысты. Қатысушылар ұсынған жұмыстарда «Көзімнің қарасы», «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы», «Заман ақын жастары», «Ескендір» және «Абайдың қара сөздері» поэтикалық шығармаларын қазақ, өзбек, ағылшын, француз және басқа да әлем тілдерінде мәнерлеп оқылды.
Жобаның қорытындыларын шығаратын онлайн-рәсімде қатысушылар ұйымдастырушыларға ұлы ақынның шығармашылығын көрсету мүмкіндігі мен Абай Құнанбаевтың өлмес поэтикалық және философиялық мұрасын насихаттау мүмкіндігі үшін алғыс білдірді. Өз кезегінде ғылыми кітапхана қызметкерлері қатысушылардың жобаға қатысқандары үшін ризашылықтарын білдіріп, барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, олар ақынның бай шығармашылық мұрасы – қазақ халқының және бүкіл адамзаттың мұрасын әрі қарай зерттеу жұмыстарына сәттілік тіледі.