⚜️ ТАҚЫРЫБЫ: «Әл-Фараби және мәңгілік ел идеясы» кітабының тұсаукесері
⚜️ СПИКЕР: Сатай Сыздықов (тарих ғылымдарының докторы, ЕҰУ профессоры)
⚜️ КҮНІ: 11 желтоқсан 2020
⚜️ УАҚЫТЫ: 11:00
⚜️ ҚОСЫЛУ ҮШІН СІЛТЕМЕ: https://cutt.ly/khWJc8f
️Кітапта Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» сияқты әлеуметтік салаға қатысты ойларының мән-мағынасын тарих ғылымы тұрғысынан сараптай отырып, ұлы ғұламаның ел басқару ісі туралы озық ойларын бүгінгі заманның талаптарына сай талдаған. «Мәңгілік ел» идеясының тарихи-рухани қайнар көзіне барлау жасалған. Онлайн тұсаукесерде автор аталған еңбектің жазылуына қатысты, ондағы ойлардың қайдан туғаны жайында өз ойларын көпшілік назарына ұсынбақ.
СІЗДЕРДІ ОСЫ ШАРАҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!