Тәуелсіздік: еркіндігім, қасиеттім, қастерлім

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мерекесіне орай кітапханамызда өткен «Тәуелсіздік: еркіндігім, қасиеттім, қастерлім» атты әдеби кешке барлық факультеттің білім алушыларымен қатар ұстаздарымызда қатысып,  жастарға Тәуелсіздік жетістіктері туралы ой-толғамдарымен бөлісті. Филология факультетінен Бекзат Құлшар, Амангелді Нұрдина, Абзал Мақыш журналистика және саясаттану факультетінің студенті Толық оқу …

Тәуелсіз елдің ұрпағымын

Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Тәуелсіз елдің ұрпағымын» атты мүшәйра және эссе байқауы жарияланып, 14 желтоқсан күні қорытындыланды. Байқаудың басты мақсаты – жастардың патриоттық, отансүйгіштік сезімін ояту; өз елін, Толық оқу …

Құрметті оқырмандар!

Сіздерді 14 желтоқсан күні ғылыми кітапханада өтетін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік — еркіндігім, қасиетім, қастерлім!» атты әдеби кешіне шақырамыз! Өтетін орны мен уақыты: Ғылыми кітапхана, 104 каб. , сағат 16:00

Жоғары оқу орындары кітапханалары мамандарының біліктілігін арттыру

2021 жылдың 15-20 қараша аралығында ғылыми кітапхана базасында «Жоғары оқу орнының заманауи білім беру және зерттеу ортасындағы кітапхана» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтті. Курсты Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты мен ғылыми кітапхана бірлесіп ұйымдастырды. Толық оқу …

Жаңалық

2021 жылдың 18 қарашасы күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында «Оқытушы еңбегі  оқырманға ой салса…» жобасы аясында география ғылымдарының докторы, профессор Мазбаев Орденбек «Айтары бар ұлағатты ұстаз» атты кездесу өтті. Автордың еңбектерін, өмір жолын, саяхаттарын, сондай-ақ ғылыми Толық оқу …

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық унивеситетінің Ғылыми кітапханасы «Тәуелсіз елдің ұрпағымын» атты мүшәйра және эссе байқауына қатысуға шақырады. 📍Шығармалар 10 қарашадан — 10 желтоқсанға дейін қабылданады 2021 ж. 🏆Байқауға қатысушылар алғыс хаттармен және бағалы Толық оқу …

Құрметті оқытушылар мен білім алушылар!

2021 жылдың 3 қарашасынан бастап Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-не Ресей мен Беларуcияның жетекші университеттерінің желілік электронды кітапханасына, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт университеттерінің желілік электронды кітапханасына қатысушылардың кітаптарына қол жетімді екенін хабарлаймыз. ТМД-ның 320-дан астам жетекші жоғары оқу орындарының контенті Толық оқу …

АҚПАРАТ КҮНДЕРІ

Ағымдағы жылдың 25-27 қазан аралығында «Ақпарат күндері» өтеді. Бағдарламада: Жаңа басылымдардың көрмесі; Электронды каталогпен жұмыс жасау және мәліметтер базасынан ақпаратты іздеу бойынша кеңес. Өтетін орны, уақыты: ОЗҒ, 4 қабат, диссертация залы (403 кабинет). Сағ.10.00-18.00.

«ТӘУЕЛСІЗ ТҰЛҒА» Ғалым Тұрсын Жұртбай 70 жаста

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында университеттің ғылыми кітапханасында 11 қазан күні «Тәуелсіз тұлға» атты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбаймен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты жазушы, ғалым, абайтанушы, мұхтартанушы, алаштанушы Толық оқу …

Ғылыми кітапханадағы оқыту курстары

Қазан айының 04-08 күндері аралығында ғылыми кітапханада «ЖОО кітапханасын ұйымдастыру үдерісі және жұмыс ерекшеліктері»тақырыбында біліктілікті арттыру оқу курсы өтті. Курс бағдарламасы кітапхананың жаңа қызметкерлері үшін ұйымдастырылды. Қатысушылар кітапхана қызметін ұйымдастыру, кітапхана қорын қалыптастыру, құжаттарды ғылыми өңдеу және пайдаланушылардың сұраныстарын анықтамалық Толық оқу …