Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында (Ғылыми кеңес залы) филология ғылымдарының кандидаты, түркітанушы ғалым, Иманғазы Нұрахметұлының «ОТ ПЕН СУ» (Мөде қаған) романының тұсаукесері өтеді.
Шығармаға хұн патшасы әйгілі Мөде қағанның тағдыр-талайы арқау болған. Сондай-ақ, мұнда көне заманның тағылымды этнографиясы — салт-дәстүрі, сенім-нанымы, таным-парасаты көркем бейнемен өрілген. Роман Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, ұл хұн мемлекетінің құрылғанының 2230 жылдығына және түркі дүниесі мұраларын кешенді зерттеп отырған Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығына арнаған.
«От пен су» романының қазіргі тарихи романдар галереясындағы орны талдап-таразыланады.
Шараға белгілі ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері елорда тарихшылары, әдебиеттанушылары, ақын-жазушылары мен жастар қатысады.
Шараны ЕҰУ Ғылыми кітапханасы мен Әлеуметтік-азаматтық даму департаменті бірлесіп үйлестіреді.
Қосылу үшін сілтеме: https://clck.ru/TLM3N
Қосымша ақпарат үшін: 8 702 293 21 71,8 776 100 76 13