Қазан айының 04-08 күндері аралығында ғылыми кітапханада «ЖОО кітапханасын ұйымдастыру үдерісі және жұмыс ерекшеліктері»тақырыбында біліктілікті арттыру оқу курсы өтті. Курс бағдарламасы кітапхананың жаңа қызметкерлері үшін ұйымдастырылды. Қатысушылар кітапхана қызметін ұйымдастыру, кітапхана қорын қалыптастыру, құжаттарды ғылыми өңдеу және пайдаланушылардың сұраныстарын анықтамалық — библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету бойынша дәрістер тыңдады. Дәріс барысында олар оқырмандармен жұмыс ерекшеліктері және сирек кітаптар мен қолжазбалар коллекциясының қалай қалыптасатындығы туралы ақпарат алды. Сондай — ақ тыңдаушылар білім беру бағдарламалары бойынша электрондық ресурстарымен және университет ғалымдарының ғылыми-зерттеу қызметін ақпараттық қызмет көрсету жұмысымен танысты және практикада деректер базасымен өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды.