15 ақпан кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығару күніне орай Ғылыми кітапханамызда «Ауған соғысының жылнамасы: кітаптар мен деректер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – жастарды отансүйгіштікке, ерлікке, адамгершілікке, елін, жерін қорғауға, шыншылдыққа, төзімділікке тәрбиелеу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету және олардың ерлігін ұрпақ жадында қалдыру.
Көрмеге Ауған соғысы жайында жарық көрген кітаптар «Даңқ: энциклопедиялық анықтамалық» (2009), «Ауғанстан. Жауынгер-интернационалист ерлігі = Афганистан. Подвиг воина-интернационалиста» (1995), «Боздақтар мәңгі жадымызда = Живут погибших имена» (2006), / А.И. Барттың «О павших в Афганистане (1979-1989): книга Памяти о воинах Алматы и Алматинской области». Кн.1 (1996), Кн.2 «Памяти о воинах Акмолинской области (1999), «Память из пламени Афганистана». В 3 кн.: интервью с воинами-интернационалистами Афганской войны 1979-1989 годов. Кн. 1: Казахстан, Кн. 2: Узбекистан, Кн. 3: Таджикистан (2016); Б.С. Сайланның «Ауған соғысының ақиқаты 1979-1989» (2001), А.Ә. Ермекованың «Ауған соғысындағы Атыраулық жауынгерлер шежіресі» (1979-1989); Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлдың қаламынан шыққан «Қазақтың қара майоры» Ауған соғысындағы дарынды қолбасшы, дарабоз тұлға Борис Керімбаевтың ерен ерлігіне арналған (2014), «Король Панджшера» (2015), «Намыстың құлы, Алаштың ұлы» (2008). «Оқ пен Отан» (2014) жыр кітабы, «Мен көрген соғыс» (DVD+RW) (2012), «Тағдыр тозағы = Ад судьбы» (2016) және Ғ. Қожабековтің «Қанды көйлек қарулас: деректі повесть, мақалалар» (2019), басқа да кітаптар қойылды.
Көрмені кітапхананың бас ғимаратында тамашалауға болады.