15 ақпаннан бастап Ғылыми кітапхана дәстүрлі түрдегі кезекті «Факультет күнін» өткізіп жатыр. «Ақпараттық технологиялар» факультетінің бір топ оқытушы ғалымдары бастаған білім алушылар кітапхананың ақпараттық мүмкіндіктерімен танысты. Қорға түскен жаңа басылымдармен таныстыру мақсатында әр мамандық бойынша кітап көрмелері ұйымдастырылды, кафедралардың тапсырыстарының орындалуы туралы, студенттердің кітаппен қамтылуы туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар, бүгінгі таңда әлемдік электрондық ресурстарды қолданудың тиімді жолдары мен қашықтықтан қолжетімділігі туралы топтық және жеке ақпараттар берілді. Кітапханада өтіп жатқан «Факультеттер күні» білім алушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды. Факультеттерге жауапты Пәндік кітапханашылар оқытушылармен тығыз байланыста болып, кітапхана ресурстары мен қызметтерінің сапасы туралы пікір алмасты. «Факультет күні» 15 – 25 ақпан аралығында университеттің барлық факультеттерімен жалғасады.