22 сәуір күні ғылыми кітапханада ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жылдығына орай «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ руханияты» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Д. Қамзабекұлы, алаштанушы ғалым, ф.ғ.д., профессор Т. Жұртбай, ф.ғ.д., профессорлар: Р.С. Тұрысбек, Ж.А. Жақыпов, Ж. Әскербекқызы, С.Б. Жұмағұл және ф.ғ.к., профессор Б.С.
Қорғанбеков қатысты. Іс-шараны модератор жазушы И. Нұрахметұлы жүргізді. А. Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, халқының азаттығы, елінің тәуелсіздігі мен ұлттың мемлекеттілігі жөнінде жан аямаған күрескер, ол бүкіл саналы ғұмырын туған халқының бақытты болашағы үшін қызмет етуге арнаған ұлы тұлға.
Дөңгелек үстел барысында Ахмет Байтұрсынұлының қазақ руханиятына қосқан үлесі жан-жақты талқыланды.