Мырзатай Жолдасбеков және мәдени мұра

24 мамыр күні көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Мырзатай Жолдасбековтің 85 жас мерейтойы қарсаңында Түркітану кафедрасы және Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен «Мырзатай Жолдасбеков және мәдени мұра» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Қосыбаев Мирас құттықтау сөзімен басталды. Шараның модераторы филология ғылымдарының докторы Амантай Шәріп ғалымның еңбек жолы мен шығармашылығына тоқталып, оның «Мәдени мұра» бағдарламасына қосқан үлесі туралы айтып өтті.

 

   

Түркітану кафедрасының профессорлары Шәкір Ибраев, Абай Қайыржанов, филология факультетінің профессоры Тұрысбек Рақымжан және зерттеуші Әлменбетова Үржамал, кафедра менгерушісінің орынбасары Жазира Сайын және басқа да қатысушылар Мырзатай Жолдасбековтың тәуелсіздік жылдарындағы атқарған еңбектері, шығармашылығы және ғалым жайлы естеліктерінен баяндама жасады.

 

  

Ғылыми кітапхана директоры Оразалиев Бахытжан қордағы ғалымның кітаптары туралы шолу жасап, жиналған қауымға алғысын білдірді.

Іс-шара барысында М. Жолдасбековтің соңғы жылдары жарық көрген «Қорқыт ата», «Жамбыл Жабаев ұлы дала ақыны», «Қалың қазақтың қадірлісі», «Ойтолғау» және т.б. кітаптарын кітапханаға сыйға берді.

Журналистика және саясаттану факультетінің 1 курс студенттері Ысқақ Жалғас ақын Кенен Әзірбаевтің «Мырзатайға» және Киікбай Ерлан ақын Тұманбай Молдағалиевтің «Мырзатай Жолдасбековке» арналған жыр-шумақтарын оқыды.

 

Қатысушыларға «Жүрегіне қаламын сүйеген ғалым Мырзатай Жолдасбеков 85 жаста» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ғалымның шығармашылығы мен еңбектеріне арналған бейнеролик ұсынылды.