Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі – Проректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев өзінің ұжымдық авторлығымен жарыққа шыққан «Қазақстан Республикасының Конституциясы. 2022 жылы 5 маусымда республикалық референдумда қабылданған өзгерістер мен толықтыруларға Түсіндірме» атты басылымын ғылыми кітапхана қорына тапсырды.
Бұл кітапта Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға түсіндірме бере отырып, әр баптың мазмұнын талдау жасалған. Конституция ережелерін дамыту үшін қабылданған ҚР нормативтік құқықтық актілерге, бақылау органдарының шешімдеріне сілтеме жасалған.
Бұл кітап барлық оқырман қауымға арналған.