Жазушы, ғалым Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні Ғылыми кітапханада қазақ әдебиеті кафедрасы, қазақ тіл білімі кафедрасы және кітапхана қызметкерлерінің бірігіп ұйымдастырумен ф.ғ.д., профессор, әуезовтанушы Тұрсын Жұртбаймен кездесу өтті. Кездесуге «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының қызметкерлері Еркінжан Сламхан, Еркегүл Арыққара, қазақ тіл білімі кафедрасының доценті м.а., ф.ғ.к., Шоқабаева Салтанат Сағатқызы, B016-17-17-20-01 тобының студенттері т.б филология факультетінің студент, магистрант, докторанттары қатысты. Шараны ф.ғ.д., профессор Сағымбай Жұмағұл жүргізді.
Іс-шарада ғалым, жазушы Т. Жұртбай ұлтымыздың ұлы тұлғасы Мұхтар Әуезовтің өмір жолы, шырғалаңға толы шығармашылық тұлғасы, совет цензурасы қыспағындағы әдеби туындыларының жазылу тарихына үңіліп, мұхтартанудың беймәлім қырларын әңгімеледі.
Кездесу аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері “Талқы”, “Бесігіңді түзе!” шығармалары бойынша сұрақ қойып, әлем таныған Әуезовтің өмір жолынан мағлұмат алды. Ал Мақаш Абзалдың орындауында ұлы Абайдың «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма» әні шырқалды.
Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі мен виртуалды көрме таныстырылды.