Кітапханашыға сұрақ

Ғылыми кітапхана жыл сайын дәстүрлі түрде өткізетін «Кітапханашыға сұрақ» атты ақпараттық апталығы қазанның 3 -11 аралығында   өтті.

Апталық барысында кітапхана мамандары электронды каталог, медиатека, электрондық ақпараттық ресурстар мен оларды қолдану мүмкіндіктері жайлы таныстырды. Сонымен қатар кітапхана құрылымы кітап қорын пайдалану қағидалары жөнінде кеңес берілді.

24/7 форматында қолжетімді электронды ресурстардың қашықтықтан қолдану мүкіндіктері студенттердің ерекше назарын аударды.

Іс-шара барысында «American Corner and Maker Space Astana» ақпараттық ресурстар орталығының жобалары, ағылшын тілін меңгеру дағдыларын жетілдіруге, шешендік және көшбасшылық дағдыларды меңгеруге, сондай-ақ «Maker Space» зертханасындағы жаңа технологияларды меңгеру курстары мен басқа да мәдени шаралар білім алушылардың қызығушылығын туғызды.

   

Кездесу соңында студенттердің кітапхана қызметкерлеріне қойған сұрақтарына жауап алумен аяқталды. Іс-шараға бірінші курс студенттері ерекше қызығушылық танытты. Олардың пікірінше, мұндай кездесулер университет ортасына бейімделуге, ақпараттық ресурстармен жұмыс істеудің заманауи дағдыларын меңгеруге, қажетті ақпаратты алуға, бос уақытын тиімді өткізуге кітапханамен байланысты нығайтуға көмектеседі. Іс-шараға қолдау көрсеткен студенттер үйлерінің дирекциясы мен педагог-ұйымдастырушыларға кітапхана басшылығы атынан алғыс білдіреміз.