Гумилев әлемі

«Гумилев әлемі» жобасы аясында ғылыми кітапханада «Лев Гумилев — ғасыр жұлдызы» атты танымдық сағаты өтті. Лев Николаевич Гумилевтің 110 жылдығына орай өткізілген шарада ғалымның өмірбаяны тереңінен таныстырылып, тарих ғылымына қосқан үлесі мен түркітану саласындағы еңбектері жайында ақпараттар берілді.

      

 

Университетіміздің 1 курс студенттері Илесбекова Манзура, Қазанбек Ақылбек, Совет Мұхаммадрасул, Шарапова Ақбота ғалымды ақындық қырынан танытып, өздеріне ұнаған өлеңдерін  оқыды.

Студенттердің шығармашылық белсенділіктерін арттыру мақсатында ғалымның еңбектерінен сұрақ-жауап түрінде қызықты ойындар жүргізілді. «Л.Н.Гумилев мұражай» қызметкері Сымбат Ахметова еуразияшыл-этнолог ғалымның өмірі мен қызметінен сыр шертетін  мұражайдағы жәдігерлер туралы ақпарат берді.

   

Шара соңында оқырмандар арнайы ұсынылған «Еуразия абызы» атты кітап көрмесін тамашалады.