БУККРОССИНГ: КІТАП ДОСТАРЫН ІЗДЕЙДІ

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ колледж кітапханасында оқырмандарға арналған «Кітап достарын іздейді!» атты Bookcrossing-жобасына шақырамыз.

 

Онда кітапты оқуға алу  немесе достарыңызға беруге болатын кітаптар орналасқан. Оқып болған кітабыңызды бізге алып келіңіз, Сіздің кітабыңыз жаңа оқырмандарын тауып, қызықты саяхат жасай бастайды. Bookcrossing – бұл қызықты оқитын кітаптар, сұхбаттасу үшін жаңа достар мен пікірлес адамдар табудың жақсы жолы және кез-келген оқырман өз үлесін қоса алады.

«Кітап достарын іздейді!» атты  жобаға қатысуға барлық кітапсүйер оқырмандарды шақырамыз.

Келіңіз, таңдаңыз, оқыңыз!