Лев Гумилевтің ғылыми мұрасы

Университетімізде 2022 жылы 14 қазанда ХХ ғасырдағы көрнекті еуразияшыл-ғалым Л.Н. Гумилевтің 110 жылдық мерейтойына арналған «Лев Гумилев және Ұлы Дала: тарих және қазіргі заман» тақырыбында ХIХ Халықаралық Еуразиялық форум өтті.

Форумға әр мемлекеттен еуразияшылдық пен түркішілдікті зерттеп жүрген жетекші мамандар келді. Конференцияға ғылыми кітапхана «Лев Гумилевтің ғылыми мұрасы» атты ғалымның еңбектерінен кітап көрмесін ұсынды.

Көрмеге  зерттеушінің түрік қағанатының туу, даму және кұлау жолын зерттеп, ұлы даланың тарихын сипаттайтын «Древние тюрки» (1960ж.), орыс тілінен қазақ тіліне Ә.Жұмабаев пен П.Бейсеновтің  аударуымен шыққан «Көне түріктер», «Хұндар» кітабы, (1994ж.Алматы: Білім баспасы), IX–XIII ғасырлардағы Орталық Азия халықтарының өмірі туралы қызықты және егжей-тегжейлі баяндалған «Поиски вымышленного царства» (1967ж.), «Этногенез и биосфера Земли», «Черная легенда» (А.И. Куркчимен бірге жазған), «Открытие Хазарии», «Струна истории», «Конец и вновь начало» т.б. бірнеше еңбектері қойылды. Жиынға қатысушылар көрмені тамашалап, өз ойларымен бөлісті.