«БІЗ АБАЙДЫ БІЛЕМІЗ, ОҚИМЫЗ, БАҒАЛАЙМЫЗ»

ҚР Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз «Абай күні» деп белгіленді. Биыл қазақстандықтар ұлы ағартушы толуын атап өтуде.

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туған күніне (177 жыл)  орай Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ колледжінің кітапханасы Бектанова Гүлмира 1 курстың студенттерімен «Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз» атты әдеби викторина өткізді.

 

Бұл әдеби викторина қазақтың ұлы ақыны, жазушысы, философ-ойшылы Абай Құнанбаевты тұлға ретінде терең түсінуге жол ашты. 1М-122 тобының жетекші-оқытушысы Ботагөз Бағдатқызы өз студенттерімен бірге Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы бойынша ұсынылған викториналық сұрақтарға белсенді жауап беріп, білімдерін ортаға салды.

 

Шара өте тартымды және қызықты өтті. Оқырмандарға арналған ұлы Абайдың шығармалары мен ол туралы жазылған кітаптардың көрмесі ұйымдастырылды.