25 қазан — біздің еліміз үшін маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні, 1990 жылы Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігіне алғашқы қадам болды.
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ колледжінің кітапханасында Республика күніне арналған «25 Қазан — Республика күні! Ұлт күні, Қазақ күні!» атты кітап көрмесі қойылды.
Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады.
Кітапхана қызметкері Бектанова Гүлмира Қазақ хандығы кезінен бастап Қазақстан тарихы, ел егемендігі тарихының маңызды сәттері, Қазақстан Тәуелсіздігі жолы туралы баяндайтын кітаптармен таныстырды: Насенов Б. «ХV бөлім — ХХ кітап. Қазақтардың тарихы. Хандар», Назарбаев Н. «Қазақстан жолы»; Шепель В.Н., Касымбеков М.Б. «Первый Президент РК Н. Назарбаев / Хроника деятельности (01.07.1997-01.01.2000)»; Назарбаев Н. «Еуразия жүрегінде», «Қазақстан: табысқа жету тарихы әлемдік қоғамдастық көзімен», «Из истории казахов»; Адерихин С., Адерихина И. «110 вопросов и ответов по истории Казахстана», Құрманбаева Ш.Қ., Болатов С.Қ. «Менің елім» және т.б.
Іс-шара барысында педагог-зерттеуші, тарих магистрі Кенжетаева Сандуғаш колледж студенттері мен қызметкерлерін құттықтап, Қазақстандағы Республика күнінің қалыптасу тарихы туралы айтып, отансүйгіштікті, халқымыздың рухын, ұлттық сана-сезімді нығайтуға бағытталған іс-шараның маңыздылығын атап өтті.