Оқырмандардың ақпараттық сұраныстары кітапханашылардың үздіксіз және кәсіби білімін жетілдіруге негіз болып отыр. Жаңа технологиялардың жетістіктерін тәжірибеде оңай пайдалана алатын және ақпараттық-кітапханалық ортаға тез бейімделетін кітапханашылардың санын арттыру мақсатында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасы «Университеттің оқу-тәрбие және ғылыми-зерттеу ортасында бүгінгі кітапхананың рөлі» атты курс өткізді. Еліміздің ЖОО кітапханаларының мамандарына арналған 72 академиялық сағаттық курс 2022 жылдың 28 қарашасы мен 07 желтоқсан аралығында өтті. Курс аясында цифрлық ортада пайдаланушыларға арналған ақпараттық-кітапхана қызметтерімен, цифрлық контентті құру әдістемесі мен тәжірибесін, электрондық ресурстардан ақпаратты іздеу, ғылыми жарияланымдарды индекстеу, кітапхана қорын басқару және құжаттарды каталогтау, заманауи ашық технологиялардың жаңа тенденциялары, америка бұрышының жобалары мен инклюзивті білім беруді қолдау мүмкіндіктері, медиа-кеңістікте кітапхананы насихаттау тақырыптары қамтылды. Дәріс барысында кітапханашылар деректер базасын ақпараттық теориялық тұрғыдан игеріп, кітапханалық үдерістер бойынша көптеген практикалық кеңестер алды. Білікті мамандарды қайта даярлау мақсатында қазіргі жаңа кітапхананы дамыту керке, яғни инновациялық технологиялар мен жаңа әдіс-тәсілдер арқылы жаңа қызметтерді жан-жақты жетілдіріп, ақпараттық ортаға айналдыруымыз керек.